2025 жылы 24 наурызға қараған түні әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайындағы техникалық ақаулар мен интернетке қатысты проблемалар туындағаны туралы ақпарат тарады. Жолаушылар билет ала алмай жатқандарына шағымданды. Қазір жүйе қалпына келтірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе айлағының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Бүгін интернет желісінде уақытша ақаулар болды, бұл кейбір қызметтердің жұмысына әсер етті. Мамандар мәселені тез арада жойып, сағат 06:00-ге дейін барлық жүйе сәтті қалпына келтірілді және қазір әуежай кассасы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр". Алматы әуежайының баспасөз қызметі
Бұған дейін Air Astana ұшағы Бакуге қонуға мәжбүр болғаны хабарланған.