Current Date: 26-03-2025

Көкшетауда есірткі шеккен ер адам мектептің терезесін сындырды

Қазір тергеу жүріп жатыр.

23 наурыз күні "ЭКОС" №13 мектеп-гимназиясының аумағына масайған ер адам кіріп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол мектептің терезесін сындырып, ішке кірмек болған. Бірақ қолы қанап, кіре алмаған соң, турникет арқылы ғимаратқа кірген.

Күзетші дабыл түймесі арқылы жедел әрекет ететін топты шақырған. Ер адам дереу ұсталды.

Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Тексеру барысында күдіктінің есірткі шеккені анықталды.