Тараптар әскери ынтымақтастық саласын талқылады.
Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда әскери делегациясы келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шетелдік делегацияның сапары Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Руанда Республикасы Президентінің арнайы өкілі генерал-майор Жан Поль Ньирубутамамен қыркүйекте өткен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде болды.
Руанда әскери қызметшілері ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қорғаныс университетінде өткен жұмыс кездесулеріне қатысты.
Тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы қолда бар әлеуетті атап өтіп, тең құқылы әріптестік қатынастарды орнатуға ниет білдірді.