Рим Папасы ауруханадан шықты.
Енді ол қалған емін дәрігерлердің шешімімін Ватикандағы ресми резиденциясы Санта-Мартадағы үйінде жалғастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Франциск ұзақ уақыт үзілістен кейін көпшілік алдына алғаш рет шығып, сөз сөйледі. 88 жастағы католик шіркеуінің басшысы тыныс ауруына шалдығып, 14 ақпаннан бері төсек тартып қалған еді.
"Енді аурудан құлан таза айығуына кемінде екі ай керек", – дейді дәрігерлер.