Current Date: 26-03-2025

«Ер адамдар ілесе алмай қалды»: Риддерде жас босанған ана қошқар көтеруден бас жүлде алды (ВИДЕО)

Риддер тұрғыны Айым Нұржанова Наурыз мерекесін тойлау кезінде қошқар көтеру сайысына қатысып, сайысқа қатысқан ерлерді шаң қаптырды. Ол қошқарды 100 рет көтерген , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы NOKS.KZ басылымына сілтеме жасап.

25 жастағы Айым қошқар көтеруден 100 мәрте отырып-тұрып, жеңімпаз атанды. Жақында ғана ана атанған риддерлік тұрғын "бұл мен үшін айтарлықтай жетістік емес" деп отыр.

"Мен үшін бұл таңғаларлық жетістік емес. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін. Онда күштік жаттығуларға көбірек мән беріледі. Үнемі штангамен жаттығуға тура келеді. Жақында ана атандым. Бірақ спорттық қабілеттерім әлі бар. Жеңіске жетуге сол қабілеттерім себеп болды", — дейді ол.

Жеңімпазға бас жүлде ретінде өзі көтерген қошқар сыйға тартылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Риддер- горняцкий городок????⛏ (@ridder.live)