Current Date: 26-03-2025

Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөз жалғасып жатыр

Кездесу жабық режимде өтуде.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Ресей мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресей делегациясын Федерация Кеңесінің Халықаралық істер комитетінің төрағасы Григорий Карасин және Федералдық қауіпсіздік қызметі басшысының кеңесшісі Сергей Беседа бастап келді.

Кремльдің мәліметінше, келіссөздерде астық келісімін қайта жаңарту мәселесі сөз болуы мүмкін.

Мәскеу мен Вашингтон делегациялары екіжақты қарым-қатынасты реттеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Журналистерді келіссөз өтіп жатқан қонақүй аумағынан шығару туралы тапсырма берілген.

Айта кету керек, осыған дейін Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина арасында келіссөздер өткенін жазғанбыз.