Дастан Сәтбаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында жасыл алаңға шыққан ең жас ойыншы атанды . Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ол құрама сапындағы алғашқы ойынын Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Уэльске қарсы өткізді.
Дастан Сәтбаев ресми жарыста дебют жасаған күні 16 жас 7 ай 11 күн болған.
Осылайша шабуылшы ұлттық команда тарихындағы ең жас дебютант атанды.
Алайда осы сында ұлттық құрама 3:1 есебімен қарсыластарына есе жіберді.