Мәйітті ауыл шопыры тауып алған .
Күдіктінің марқұмға мәжбүрлі түрде несие алдырғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
19 жастағы жігіттің денесі көшеде екі күн бойы жатып қалған.
Қанды оқиғаның 20 ақпан күні болғаны туралы деректер бар. Екінші топ мүгедегі, 19 жастағы жігітті бұзақылар адам аяғы баспайтын жерге апарып, аяусыз 14 жерінен пышақтаған.
Күдіктінің әскери қызмет еткен адам екені айтылады. Ол мүгедек жігітті өлтірмес бұрын оған несие алдырған.
ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімінің бастығы, подполковник А.Белібаев күдіктінің ұсталғанын, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.
– Қазақстан Республикасы ІІМ Оңтүстік өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Шымкент бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігімен көзделген № 2551544031000151 санымен адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталды және күдіктіге қатысты тергеу соты 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі танда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – делінген ақпаратта.