Ресей Қорғаныс министрлігі Краснодар өлкесіндегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына дрондар арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– 24 наурызда шамамен түнгі 2:00-де ұшқышсыз аппараттар арқылы КҚК инфрақұрылымына кезекті шабуыл жасалды, – делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
ҚР Энергетика министрлігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, Қазақстан мұнайының қабылдануы мен тасымалына шектеу қойылмағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін 17 ақпанда "Кропоткинская" станциясы осындай шабуылға ұшыраған болатын.