Кейінгі 60 жылда көлемі 26 пайызға азайған .
Мұндай мәліметті Қытайдың солтүстік-батыс экология, қоршаған орта және ресурстар институты жариялады. Әсіресе Няньцин Танггула мен Алтайда мұздықтар көлемі күрт төмендеген. Ғалымдар таулардағы мұз 45 пайызға дейін еріп кеткенін айтып дабыл қақты. Ал Гималайда 35 пайызға кеміген. Мамандардың айтуынша, дүниежүзінде мұздықтар аса жылдам еріп жатыр. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, жыл сайын еріп жатқан мұз көлемі шамамен 273 миллиард тонна су жоғалтқанмен тең. Бұл құбылыс тоқтамайды. Дегенмен қытайлар бұл үрдісті мейлінше тежеудің жолын қарастырып жатыр.
Кан Шичан, Тау қауіптері және қоршаған орта институтының директоры:
- Халықаралық деңгейде ортақ күш салу керек. Мұздықтарды мейлінше ұзақ сақтап тұру аса маңызды. Ол үшін бүкіл әлем елдері жасыл өзгерістерге көшуі тиіс. Бұл жаһандық жылыну үрдісін баяулатады. Ол үшін ақпараттандыру жұмыстарын күшейту қажет. Жер бетіндегі әрбір адам ауаға зиянды заттардың бөлінуін азайтуға әсер ете алады. Мұны сезінуі керек.