Current Date: 26-03-2025

«Көңілді босатып жіберді»: Телефоннан иесінің дауысын таныған арғымақ елді таңқалдырды (ВИДЕО)

Қырғызстанда ерекше оқиға орын алды. Телефон арқылы иесінің дауысын естіген сәйгүлік кісінеп, оған белгі берді. Бұл әсерлі сәтті бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары бұл көрініске ерекше толқып, жануардың адалдығы мен тектілігін атап өтті.

«Ер жігіт елін сағынады, арғымақ жерін сағынады», «Жануардың жүрегі сезеді ғой», «Көңілді босатып жіберетін көрініс», «Сәйгүлік иесін қатты сағыныпты» – деп пікір білдірді олар.

Бұл оқиға адам мен жануар арасындағы ерекше байланысты тағы бір дәлелдеп, көпшіліктің жүрегін елжіретті.