Маңғыстау облысының тұрғыны Ерлан Есмағамбетов «Кендірлі» демалыс базасының маңында жоғалып кетті. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздеу-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lider.kz сайтының мәліметінше, 17 наурыз күні сағат 05:00-де Ерлан Есмағамбетов "Кендірлі" демалыс орталығынан Ақтауға жету үшін өтіп бара жатқан көлікке мінген.
Біраз жол жүріп, көліктен түседі. Ер адам негізгі асфальт жолға дейін 20 минуттай жүруге мәжбүр еді.
Әзірге Ерлан Есмағамбетовтың қайда екені туралы белгісіз.
Белгілер
- Бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, көзі қара, шашы қысқа.
Киімі:
- "АТФ" деген жазуы бар қара бушлат, спорттық шалбар мен қара кроссовка киген.
Хабар-ошарсыз кеткен адам туралы мәлімет білетіндерден +7 (700) 499-72-92 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.