Current Date: 25-03-2025

Қазақстан Өзбекстанға 473 млн доллардың тауарын экспорттады

Жыл басынан бері Қазақстан Өзбекстанға 473 млн доллардың тауарын экспорттады. Бұл туралы Өзбекстанның Ұлттық статистика комитеті хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қаңтар-ақпан аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 10,8 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9,9%-ға өскен.

Бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 162 елімен сауда-саттық жасайды. Серіктестер көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2 млрд доллардан асты, деп жазады 24.kz.

Екінші орында Ресей. Бұл елмен арадағы алыс-беріс көлемі 1,6 млрд долларға жетті. Үштікті Қазақстан түйіндейді. Біздің елмен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 660 млн доллар болды.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78,8 млн долларға көп.