Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
25 наурыз күнгі жағдай келесідей:
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 250 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 5,8 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 66 %-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 655 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 657 текше метр су жіберілуде.
Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 12,2 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2,2 текше метрден су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10,2 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 74,38 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 493,2 текше метр, Петропавл су қоймасынан 98,0 текше метр су жіберілуде.