Current Date: 16-03-2025

Қазақстанда ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері азаяды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының және Ұлттық Банк басқармасының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшеріне өзгеріс енгізілетін бірлескен қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін 25-тен 20%-ға дейін төмендету көзделеді.

Белгілі болғандай, өзгеріс ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.

Құжат 26 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Алматы жастары 2025 бағдарламасына өтініштерді қабылдау қашан басталатындығы хабарланған болатын.