Current Date: 25-03-2025

Оңтүстік Кореяда орман өрті басылмай тұр

Оңтүстік Кореяның шығысында орман өрті ырық бермей тұр. Оған құрғақ ауа райы мен екпінді жел себеп. Содан өткен аптадан бері Кёнсан-Пукто провинциясында 15 мың гектар орман алқабы өртеніп кеткен. Тілсіз жау салдарынан 4 адам опат болып, тағы 11-і жараланған.

5 жарым мыңдай тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Жыл басынан бері елде 250-ге жуық өрт ошағы тіркелген екен. Соның көбіне адамдардың өздері кінәлі болып шыққан.