Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда орман өрті басылмай тұр

Оңтүстік Кореяның шығысында орман өрті ырық бермей тұр. Оған құрғақ ауа райы мен екпінді жел себеп.

Содан өткен аптадан бері Кёнсан-Пукто провинциясында 15 мың гектар орман алқабы өртеніп кеткен.

Тілсіз жау салдарынан 4 адам опат болып, тағы 11-і жараланған, деп жазады 24.kz.

5 жарым мыңдай тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді.

Жыл басынан бері елде 250-ге жуық өрт ошағы тіркелген екен. Соның көбіне адамдардың өздері кінәлі болып шыққан.