Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың оны жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз мұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғысын жеткізді.
Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.