Ақтауда мереке кезінде бір топ полицейдің ат үстіндегі қызды күшпен ұстап түсіріп жатқан видеосы пайда болды. Полицияның мәліметінше, бойжеткен олардың айтқанын тыңдамаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция алаңда көптеген адамдар мен балалар болғанын және аттардың оларға қауіп төндіретінін айтып түсіндірді. Оқыс оқиғаларды болдырмау үшін полиция жануарлардың иелерінен аумақтан кетуді сұраған.
"Алайда қатысушылардың бірі бас тартты. Ол үшін әкімшілік қылмыстық кодекстің 667-бабы бойынша (полиция қызметкеріне бағынбау) хаттама жасалды. Жылқылар уақытша арнайы қабылдағышқа жеткізілді. Кешке олар иелеріне қайтарылды. Бірақ қызға 117 960 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады", — делінген хабарламада.