Current Date: 26-03-2025

"Өтіп бара жатқан көлікке мінген": Маңғыстауда жоғалған ер адам 8 күннен бері табылмай жатыр

Маңғыстау облысында 33 жастағы Ерлан Есмағамбетов із-түзсіз жоғалып кетті.

Оны Lider.kz іздеу-құтқару қозғалысының еріктілері сегіз күннен бері іздестіріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлан 17 наурыз күні таңғы сағат 05:00 шамасында "Кендірлі" демалыс орталығынан Ақтауға жету үшін өтіп бара жатқан көлікке мінген. Жолда белгісіз себеппен көліктен түсіп қалған. Ол негізгі трассаға жету үшін шамамен 20 минут жаяу жүргені белгілі. Алайда содан кейін оның ізі суып кеткен.

Ерекше белгілері:

  • Бойы 170-175 см,
  • Қара көзді, қысқа шашты,
  • Денелі.

Үстінде:

  • "АТФ" жазуы бар қара күрте,
  • Спорттық шалбар,
  • Қара кроссовки болған.

Егер Ерлан Есмағамбетов туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (700) 499-72-92 немесе 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.