26 наурызға қараған түні футболдан Қазақстан мен Лихтенштейн құрамалары 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізді деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу Лихтенштейн астанасында Вадуцтағы "Рейнпарк" стадионында өтіп, ойын Қазақстанның пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.
Бірінші таймның соңында Максим Намородов есеп ашты. Бұл оның Қазақстан құрамасы үшін төртінші голы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)
Содан кейін бірінші таймның өтелген уақытында 34 жастағы Александр Марочкин гол соқты. Бұл оның Қазақстан құрамасы үшін 51-ші матчы және алғашқы голы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Әлем кубогына іріктеу кезіндегі бірінші матчын Уэльс командасымен өткізген болатын. Ол кезде біздің футболшылар 1:3 есебімен жеңіліп қалған.