Current Date: 29-03-2025

Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.

2025 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Сапар барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.


Оқи отырыңыз: Тоқаев АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы мүшесін қабылдады


Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.