Current Date: 15-03-2025

Қарағанды облысында ұсақ мал қырылып қалды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Мамыраев ауылында ұсақ мал қырылып қалды. Ауылға қарасты шаруа қожалығына шектеу шаралары енгізілді. Қой мен ешкінің неден өлгені әзірге белгісіз. Мұндағы мамандар қазір шығынды есептеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша энтеротоксимия инфекциясы болуы ықтимал. Бұл індетке тосқауыл қою оңай емес, өйткені жұқпалы ауру тез тарайды. Инфекция оңтүстік өңірде көп кездеседі дейді мамандар. Бірақ Арқаға қалай келгені белгісіз.

Жандос Бақытұлы