Current Date: 29-03-2025

"Алматы Су" кәсіпорнының департамент директоры сотталды

Биыл 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының Күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевты шартты түрде соттаған еді.

Ал, бүгін ол сот залында қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

Алдыңғы сот отырысында айыпталушы орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен Жолдыбаев 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айырылған.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.