Current Date: 29-03-2025

Талдықорғанда өзгенің велосипедін тартып алған күдікті ұсталды

13 наурызға қараған түні Талдықорғанда 27 жастағы ер адам азық-түлік алу үшін велосипедпен дүкенге барған.

Дүкеннен шыққан кезде 37 жастағы бейтаныс ер адам оны тоқтатып, велосипедін беруді талап еткен. Жәбірленуші бас тартқан кезде күдікті оны күшпен қорқытып, велосипедті ашық түрде тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полицияның жедел іс-қимылдарының арқасында күдікті тез арада анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.

Құқық қорғау органдары әрбір қылмыстың ашылатынын және кінәлілердің заң алдында жауап беретінін еске салады.

Заңнамаға сәйкес, тонау үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, сондай-ақ мүлікті тәркілеу қарастырылған.