Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасының Су кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биылғы 5 наурызда Су кодексі мен ілеспе заңды Мәжіліс қабылдап, Сенаттың қарауына жолдаған еді. Ал 20 наурызда Сенат оны талқылап, Мәжіліске қайтарды. Сенат Су кодексіне 12 түзету және ілеспе заңға 1 өзгерту енгізді, олар редакциялық әрі нақтылау сипатына ие, сондай-ақ осы заңнамалық актілердің тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді… Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Сенаттың ҚР Су кодексіне және ілеспе заңға енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады", - деді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.
Жалпы отырыс кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.