Current Date: 29-03-2025

1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Осы аптада берешегіңізді өтемесеңіз, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл қосылады .

Қазір азаматтардың банктік мобильді қосымшаларына хабарламалар жіберіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сол жерден салықтың мөлшерін біліп және оны төлей аласыз.

Салық сомасы темір тұлпар түріне, шыққан жылына және қозғалтқыш қуатына қарай әр түрлі есептеледі. Көлік иелерін электронды түрде ақпараттандыру биыл наурыздың 12-сінен басталған. Көпшілік жіберілген хабарламалар арқылы берешегін біртіндеп өтеп жатыр.

Әртүрлі себеппен салықтан жалтарып жүргендердің басым бөлігі Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана мен Шымкент қаласының тұрғындары екен.

"Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады", — деп хабарлады ведомство.