Еуропалықтар арасында америкалық Tesla компаниясының өнімдеріне сұраныс төмендеді.
Жыл басынан бері бұл электромобильдердің саудасы 49% азайған, деп жазады inbusiness.kz сайты dw.com-ға сілтеме жасап.
Тіпті АҚШ-тың өзінде бұрынғыдай сұраныс жоқ. Сарапшылар бұл жағдайға компания басшысы – Илон Маск беделінінің төмендеуі әсер еткенін айтады. Ол АҚШ-тың үкімет тиімділігі департаментіне басшылық еткелі мемлекеттік қызметкерлер арасында жаппай қысқартулар жүргізді. Бұған наразылық ретінде әлдекімдер Tesla автосалондарын шабуылдай бастады. Электр көліктері сатылымдарының төмендеуіне Қытай тарапынан бәсекенің де артуы әсер еткен.