Ойын Вадуц қаласындағы "Райнпарк" стадионында өтті.
Ел құрамасы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Лихтенштейнмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстан бұл кездесуде фаворит саналды. Себебі, Лихтенштейн – әлемдегі ең әлсіз құрамалардың бірі. Оған дәлел, ФИФА рейтингінде олар 211 команданың арасында 204-орынға жайғасқан.
Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев команда құрамына бірқатар өзгеріс енгізді. Оған бірінші матчта Уэльстен 1:3 есебімен жеңілуі себеп. Кездесуде Қазақстан құрамасы сапынан
Самородов пен Марочкин қақпа торын тулатса, қарсылас команда лайықты жауап бере алмады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы соңғы рет әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде осыдан 12 жыл бұрын жеңіске жеткен. 2013 жылдың 6 қыркүйегінде команда Астанада Фарер аралдары командасын 2:1 есебімен жеңген еді. Содан бері Қазақстан 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 2 рет жеңіліп, 1 рет тең түссе, 2018 жылы 7 жеңіліс пен 3 тең ойын тіркеді. Ал 2022 жылғы әлем чемпионатына барар жолда 5 жеңіліс пен 3 тең ойынды қанағат тұтты.
Әзірге Қазақстан құрамасы J тобында 3 ұпаймен 3-орында келеді. Келесі ойын жазда өз алаңымызда өтеді.
Ел құрамасы ресми ойындарда соңғы рет 2023 жылдың қарашасында ғана жеңіске жеткен. Яғни, Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Сан-Маринодан 3:1 есебімен басым түскен болатын.