Олардың 478-і сот алдында жауап береді.
Түркияда Экрем Имамоғлудың ұсталуына қарсы наразылықтар кезінде 1,4 мыңнан астам адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Әли Ерликая Х желісіндегі парақшасында хабарлады.
Оның сөзінше, 478 адам сот алдында жауап береді.
"19-25 наурыз аралығында заңсыз акцияларға қатысқан 1 418 адам ұсталды. Осы уақытқа дейін 979 күдіктінің 478-і сот инстанцияларының алдында жауап береді", — деп жазды министр.
Ыстанбұлдың қамауға алынған мэрі Экрем Имамоғлуды қолдайтын наразылықтар 19 наурыздан басталды. Ең ауқымды митингтер Анкарада өтуде. Түркия астанасында жаппай акциялар өткізуге 1 сәуірге дейін, ал Ыстанбұлда 27 наурызға дейін тыйым салынды.