Current Date: 29-03-2025

Атырау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Тағы екі адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.

Атырау облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық полиция дерартаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 26 наурызда болған.

"Таңертеңгі сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы тасжолының 575-шақырымы тұсында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза болды. Ал 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.