Наурыз айы басталғалы бері 88 мыңға жуық талапкер тест тапсырды .
ҰБТ тапсыру кезінде ережеге қайшы іс-әрекет жасаған 121 талапкердің тест нәтижелері жойылды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Тестке қатысушылардың 70,7%-ы қазақ тілінде, 29,2%-ы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлердің 43-і тыйым салынған заттарды тестілеуге алып кіруге тырысқан. 55 талапкер тестілеу кезінде ережелерді бұзған. Ал 23 адамның сертификаттары тестілеудің бейнежазбаларын тексеру нәтижелері бойынша жойылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2025 жылғы алғашқы ҰБТ басталды
"Наурыз айы басталғалы бері 88 мыңға жуық талапкер тест тапсырды. Қатысушылардың 72%-ы шекті балдан асқан. Орташа балл 65, ең жоғары балл – 139 балл болды", – делінген хабарламада.