Current Date: 29-03-2025

Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина шығарылды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина шығарылып, клиникалық зерттеуге жіберілді. Оны көрші елдің жетекші ғылыми институттары 20 жылдан астам уақыт жасаған. Вакцина иммундық жүйенің рак клеткаларын тануына жол ашады. Иммунологтардың айтуынша, препарат клиникаға дейінгі сынақтар кезеңінде тиімділігін дәлелдеген. Сондықтан осы айда пилоттық партиясы шығарылады, ал жыл соңына дейін вакцина ауруханаларға жеткізіледі. Алдымен меланома және өкпе ісігінен емделіп жүрген науқастарға қолжетімді болады. Бір вакцинаның орта есеппен құны – 300 мың рубль, яғни 1 миллион 800 мың теңге шамасында.

Тереза Бодрова, дәрігер:

Бұл таза отандық өнім. Барлық компонент өзімізде шығарылған. Одан бөлек науқастардың емін әрі қарай сапалы ету үшін ақылды палата ойлап таптық. Бұл да айығуға көмектеседі.

Индира Бегайдар