Current Date: 29-03-2025

Жетісу облысында қант қызылшасының алқабы 1,5 мың гектар қысқарды

Жетісу облысында қант қызылшасының алқабы 1 жарым мың гектар қысқарды. Жүгері мен бидай егісі де азайды. Аталған дақылдың орнына күнбағыс, майбұршақ, арпа мен көгөніс егіледі. Аймақтағы көктемгі дала жұмысын ойдағыдай өткізу үшін 5,5 мың тонна арзан дизель отыны бөлінеді. Ауыл шаруашылығын дамытуға 40 млрд теңге жұмсалады. Қаражаттың жартысынан астамы қожалықтарға субсидия ретінде беріледі. Биыл тәтті түбір өсіруге төленетін қаржы көлемі өзгеріссіз қалды. Яғни қант қызылшасының әр тоннасына мемлекеттен 25 мың теңге, зауыттан 15 мың теңге аударылады.