Current Date: 29-03-2025

2027 жылдан бастап жедел жәрдем қызметінде жаңа жүйе енгізіледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді , деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында 2027 жылдан бастап жаңа ереже енгізіледі.

Министрдің айтуынша, жедел жәрдем қызметіне жыл сайын 8 миллионнан астам шақырту түседі, олардың 60%-ы созылмалы аурулармен байланысты немесе өздігінен емханаға бара алатын науқастардан келеді. Бұл шұғыл жағдайлар кезінде жедел жәрдемнің кешігуіне себеп болуы мүмкін.

"Халықаралық тәжірибені ескере отырып, заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіп отырмыз. Нәтижесінде, жедел жәрдем қызметі ең алдымен адам өміріне қауіп төнген жағдайларда көрсетілуі тиіс", – деді министр Мәжілісте МӘМС жүйесі туралы заң жобасын таныстыру барысында.

Ақмарал Әлназарова сондай-ақ жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылатыны жөнінде нақты тізім жасалғанын атап өтті. Жаңа норма 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, егер 103 нөміріне қоңырау шалу мүмкін болмаса, жедел жәрдемге хабарласудың балама тәсілдері қарастырылған.