Елордада лифті ішінде 5 жасар баланы пышақтаған психикалық ауытқуы бар жасөспірім емді тұрақты қабылдамаған, деп хабарламайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Анасы баласының диагнозын қабылдағысы келмей, емдеуден бас тартты. Балада емдеуде үзілістер болды, ол өкінішке қарай асқынуға әкелді. Сондықтан қазір емдеуден бас тартқан жағдайда қамқоршылардың жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз, — деді Ақмарал Әлназарова Мәжіліс қабырғасында өткен баспасөз мәслихатында.