Current Date: 30-03-2025

Telegram желісінде қазақстандық мектеп оқушыларының порнографиялық ашық парақшасы табылды

Түркістан облысының прокуратурасы "Telegram" әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.

Осылайша, тексеру барысында "Telegram" желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.

Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген.

Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары.

Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды.

"14.03.2025ж. облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды." Түркістан облысының прокуратурасы

Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 311-б. және 312-б. 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен "Telegram" желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.

Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.