Current Date: 30-03-2025

Қаңтар-ақпанда шетелдік маркетплейстер 13,3 млрд теңге ҚҚС төледі. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштің жартысына тең

Қазіргі таңда Қазақстанда 105 шетелдік компания тіркелген.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің сауалына орай, шетелдік маркетплейстердің Қазақстандағы қызметіне қатысты мәліметтерді ұсынды.

Үкімет өкілінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 105 шетелдік компания тіркелген, олардың қатарында Apple, Amazon, Alibaba, Aliexpress, Adobe, Ebay, Google, iHerb, Huawei, Meta, Netflix, Nintendo, Pinduoduo, TaoBao, TikTok, Temu, Samsung, Sony, Zoom және басқалар бар.

"Қазақстанда электронды сауда қызметімен және онлайн қызмет көрсетумен айналысатын компаниялар 2022 жылдан бері қосылған құн салығын төлейді. Салық кодексінің жаңа нұсқасында шетелдік маркетплейстерге салып салуды реттейтін нормалар бар. Сондай-ақ, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген және бақылау нәтижесінде берілген ескертулерді жоймаған маркетплейстерді бұғаттау мәселесі де қарастырылған", – деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Салық кодексінің 777-780 баптарына сәйкес, шетелдік маркетплейстер тауарын сатқан не электронды қызмет көрсеткен жағдайында 12% иөлшерінде ҚҚС төлейді. 2022 жылдан бері 83 млрд теңге салық төленген. Оның ішінде ҚҚС мөлшері 2022 жылы 10,4 млрд, 2023 жылы 24,3 млрд теңгені құраған. Ал 2024 жылғы көрсеткіш 35 млрд теңге болса, биылғы қаңтар және ақпан айларының өзінде шетелдік маркетплейстер 13,3 млрд теңге ҚҚС төлеген. Бұл тұтас 2024 жылғы көрсеткіштің жартысынан шамалы артық.


Оқи отырыңыз: Танымал маркетплейс Қазақстанда киім ақысын кейін төлем қызметін іске қосты