Белгілі адвокат Бауыржан Азанов құқық қорғаушы, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді туралы пікір қалдырды.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Менің пікірімше, белгілі бір «құқық қорғаушы» Айтбекке қатысты күмән бар.
Менің жеке ой-пікір болуына қағым барма?
Неліктен оны «құқық қорғаушы» деп атағанын ең адал және ең тәуелсіз ақпарат құралдарының жеңіл қолымен деп санаймын?
Ол кім және қайдан шықты?
Өткен жылы Айтбек қарындасын жоғалтты, ол сотта зардап шегушінің өкілі болды.
Мен оның қайғысына ортақпын, оған адамгершілік тұрғыда жаным ашиды.
Алайда менің жеке пікірімше, бұл оқиғаны БАҚ көпшілігі мен әлеуметтік желілердің мамандары жақсылап дайындап, Айтбек аяқ астынан осы «құқық қорғаушы» ретінде пайда болды.
Меніңше, оның айналасында үлкен команда болды: СММ-щиктер, маркетологтар, психологтар мен жарнамашылар жұмыс істеді.
Өткен жылы бұл өте жақсы өтті.
Көпшілік қазырғы башқұрт жып-жылтыр бетімен өлең айтып жүргенді қолдап отыр.
Бірақ ол өзінің ана-тілін білеме, білмейме оған мән бермейді.
Ол адал адамба алаяқпа біздің көпшілікке бәрі-бір.
Главное, бет-әлпеті, дауысы, әдемі болса болды.
Ол арлы адамба, ұятсызба біздің көпшілікке бәрі-бір.
Айтбек тек өз күшімен емес, үлкен маркетинг командасымен бірге жұмыс істеген сияқты.
Бірақ биыл бәрі өзгерді.
Қалай болғанда да, ол Талғарға барып, өлтірілген баланың – Шерзаттың отбасын қолдауға бел байлады.
Бұл қадамды, менің ойымша, ол өз бетімен емес, әртүрлі адамдардың кеңесіне сүйене отырып бастады..
Бірақ біз ұмытпауымыз керек, Айтбек қазақша сөйлемейді, ал Шерзаттың отбасы орысша білмейді.
Бұл – олардың арасындағы келіспеушіліктің басты себебі.
Бұл жағдайдан басқа да көптеген себептер болды, бірақ менің ойымша, бұл оқиға біздің жергілікті аймақтық түсініктер болып қалған жоқпа?
Бұның бәрі айқын мысалы болды – ұятсыздық біздің жерде қалып тасып алған баяғыдан бері.
Тағы да қайталап айтамын, мен Айтбекке оның қайғысына ортақпын, тек ғана жақсылықты тілеймін Айтбекке.
Бірақ мен оған бір кеңес бергім келеді:
осы істі тоқтатқан жөн.
Құқық қорғаушы болу – бұл сен үшін емес». — деп пікір білдірді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, блогер Жан Ахмадиев Шерзат Полаттың отбасы Айтбек Амангелдімен арадағы қарым-қатынасты үзгенін айтқан еді.