Current Date: 01-04-2025

Қазақстандықтар поляр шұғыласын байқады

Жерді басқан күшті магниттік дауыл салдарынан Қазақстанның солтүстік облыстарындағы тұрғындар поляр шұғыласын тамашалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының тұрғыны Арман Әбдрахманов табиғи құбылысты суретке түсіріп үлгерген.

Солтүстік шұғыласы Ақмола облысы Зеренді ауданы Елікті ауылында осылай көрінген.

Айта кетейік, магниттік дауыл 25 наурызда кешкісін басталып, келесі күні таңда аяқталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!