1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді.
ЕХӘҚМ мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5% – ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 052 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 296 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 281 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 263 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 975 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 945 адам, Үндістан – 1 169 адам, Түркия – 1 165 адам, Өзбекстан – 1 056 адам.