Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 6 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,71 теңгеге төмендеп, 495,95 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,42 теңгеге (-0,07) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 497,9-500,7 теңге, еуро 532,5-538,5 теңге, рубль 5,47-5,61 теңге аралығында сатылуда.
6 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасының төмендеуі жалғасуда.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,13%-ға арзандап, барреліне $69,21 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,05%-ға арзандап, барреліне 66,28 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 496,71 теңге, еуроны 531,33 теңге, рубльді 5,55 теңге деп белгіледі.