Current Date: 30-03-2025

"ҚавАвтоЖол": Еріген қар суына байланысты үш облыста жол жабылды

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 техника мен 65 маман жұмылдырылды.

"ҚазАвтоЖол" еріген қар суына байланысты жолдардағы жағдай туралы дерекпен бөлісті.

2025 жылғы 27 наурыздағы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Атап айтқанда бұл:

Ақтөбе облысы:

"Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).


Оқи отырыңыз: Жаңбыр, қар, тұман: Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды


Солтүстік Қазақстан облысы:

"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 техника мен 65 маман жұмылдырылды.