Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерацияның Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды.
— Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, биылғы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін тапқаны хабарланған еді.