Zakon .kz/Павел Михеев
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 27 наурызда облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыстың уақытша жабылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жабылу себебі – жол-метерологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2025 жылғы 1 сәуірден 30 сәуірге дейін келесі облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылады:
- КВ-45 "Талғар – Спутник" – 6 км учаскесінде;
- КВ-64 "Түрген-Обсерватория" – 12 км учаскеде;
- Р – 17" Алматы – Талғар – Евгеньевка " – Есік көліне кіреберіс – 7 км учаскеде.
"Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді, сақтық шараларын сақтауды және баламалы маршруттарды пайдалануды сұраймыз. Қозғалыстың қайта басталуы туралы қосымша хабарланатын болады",- деп қорытындылады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы тұрғындарына 29 наурыздағы жол шектеулері туралы ескертілгендігі хабарланған болатын.