Current Date: 30-03-2025

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рамазан айының аяқталуына аз қалды. 30 наурыз – Ораза айт мейрамы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін ұсынды.

Мәселен, Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында айт намазы сағат 07:00-де басталады.

Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін басқа уақыт – 07:30 белгіленді.

Ал Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Атырауда айт намазы сағат 08:00-де басталады.