Current Date: 30-03-2025

Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды

Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының Красноярск өлкесіндегі Шарыпово қаласында кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, биылғы жылдың ақпан айында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан кәсіпкердің мәйіті табылған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында кісі өлтіру фактісі анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тергеу басталған.

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдап жатқаны хабарланды.

Айта кетейік, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.