Шымкентте «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында жас суретшілердің республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Көрме-байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Онда 70-ке тарта туынды жұрт назарына ұсынылды. Еліміздің әр аймағынан келген суретшілер қарапайым еңбек адамының жұмысын дәріптеп, осы тақырыптағы шығармасын көрсетті. Мысалы құтқарушылардың ерлігін қағаз бетіне түсіргендер бар. Байқау қорытындысында 7 кәсіби жұмыс үздік деп танылды. Қылқалам шеберлерінің еңбегін өнертанушылар мен суретші-педагогтар және мәдениет қайраткерлері бағалады. Байқау жеңімпаздарына арнайы сертификат пен қаржылай сыйақы берілді.
Дәулетхан Болысбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кафедра меңгерушісі:
- Қоғамда мал өсіруші бола ма, егін орушы бола ма, дала сыпырушы бар. Егіс егетін адамдардың жұмысы жайлы барлық тақырып қамтылған. Біз студенттерге еркіндік бергенбіз. Кез-келген техникада орындауға. Бұл жерде акварель жұмысы да бар, майлы бояу да бар, акриль де бар, гуашь та бар.