Current Date: 30-03-2025

Талдықорғанда 1,6 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды

Талдықорғанда Сарқан аудандық білім бөлімінің үш бухгалтеріне, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы мен «Қазпоштаның» аудандық учаске бастығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды 24kz.

Лауазымды қызмет атқарған күдіктілерге «1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды» деген айып тағылды. Сонымен қатар алаяқтық, пара беруге әрекет жасау, бөтеннің мүлкін ұрлау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық соттың судьясы айыпталушыларды кінәлі деп таныды.

Нұрсұлтан Орынбасаров, Жетісу облыстық сотының ресми өкілі:

- Төрт сотталушы 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымында атқару құқығынан айыру әртүрлі мерзімге айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.