Current Date: 30-03-2025

Қазақстанға әкелінетін гаджеттер тексерістен өтетін болады

Енді Қазақстанға алғаш рет әкелінетін барлық мобильді құрылғылар GSMA халықаралық деректер базасында тексеруден өтуі тиіс.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ мемлекеттік салық және кеден жүйелерінің де сүзгісінен өткізіледі. Яғни, телефондарда арнайы сипаттамалар, заңды және ілеспе құжаттарының болуы маңызды. IMEI кодтары да зерттеледі. Былайша айтқанда, ұрланған, жоғалған немесе бұғатталған гаджет жұмыс істемейді. Тексеру рәсімі импорттаушылар, жеке тұлғалар және уәкілетті сервистік орталықтар үшін міндетті болып табылады. Ереже 25 наурызда күшіне енді. Бұрын елдің мобильді желілерінде тіркелген барлық телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енгізілді. Енді ол шектеусіз жұмысын жалғастыра береді. Ал тіркелмеген гаджет иелері 25 мамырға дейін тексеруден өтпесе, бірден бұғатталады.